Молдованың ЕАЭО-да бақылаушылық мәртебесі КО келісіміне қайшы келмейді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Молдованың Еуразиялық экономикалық одақтағы бақылаушы-ел мәртебесі бұл мемлекеттің Еуроодақпен қауымдастық туралы Келісіміне қайшы келмейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Біз Молдова Республикасының бақылаушы мәртебесін алу туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске жасаған өтінішін назарға алдық», - деп мәлімдеді сәрсенбі күні Еуропалық сыртқы істер қызметінің ресми өкілі Набила Массрали.

Брюссель Еуроодақпен жасалған келісімнің «Молдова халқына  табыс әкеліп, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартады» деп есептейді.

Ресми өкілдің айтуынша, Еуропалық одақ Молдованың ірі сауда серіктесі болып табылады және бұл елмен сауда айналымының 50%-ы және экспорттың 60%-ы жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар