Молдовада президент сайлауының екінші туры өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазанда болған президент сайлауының бірінші турының қорытындысы бойынша президенттікке таласатын кандидаттар айқындалды.

Олар сайлаушылар дауыстарының 47,98% жинаған  социалистер көшбасшысы Игорь Додон және «Әрекет пен зайырлылық» партиясының басшысы,  құқықтық оппозициядан бірыңғай кандидат 38,71% дауыс жинаған Майя Санду, деп хабарлайды РИА Новости. Президент сайлауының екінші турында шартты дауыс саны жоқ, көпшілік дауыс жинаған кандидат жеңімпаз болады.  Президент төрт жылға сайланады. Дауыс беру үшін учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс жасайды. Сайлауға дауыс беру құқығы бар республиканың 3,131 азаматы қатыса алады. Сайлауды үш мыңнан астам жергілікті және халықаралық, оның ішінде ТМД-дан келген байқаушылар  қадағалап отыратын болады. Қоғамдық тәртіпті құқық қорғау органдарының 4 мыңнан астам қызметкерлері қамтамасыз етеді.  

Соңғы жаңалықтар