Молдова Парламенті президент сайлауын 30 қазанға белгіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова Парламенті жұма күні өткен кезекті отырысында президент сайлауын 30 қазанда өткізу туралы шешімді көпшілік дауыспен бекітті, деп хабарлады ресейлік «РИА Новости» агенттігі.

Бұл шешімге Молдавия Республикасы Социалистер партиясы мен Молдованың коммунистер партиясының депутаттары дауыс бермеді, бұдан бұрын олар дауыс беруге ниетті емес екендіктерін мәлімдеген.

Молдова конституциялық соты 4 наурызда 2000 жылы 5 шілдедегі елдің негізгі заңына енгізілген өзгертудің күшін жойған. Осылайша, конституциялық сот мемлекет басшысының алдыңғы сайлау өткізу тетігін күшінде қалдырған. Бұл ретте сот ереженің де күшін жойған жоқ. Оған сәйкес президент орнына 40-қа толған үміткерлер ғана таласа алады.

Қазіргі Молдова президенті Николай Тимофтидің төрт жылдық мандаты 23 наурызда аяқталған. Конституциялық сот «ол жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді», деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар