Молдова газбен жүретін автомобильдерге бірқатар тыйымдар салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова Республикасында газ жүйесімен жабдықталған көлік құралдарына көптеген қоғамдық орындарда жүріп-тұруға тыйым салынады. Ел үкіметі қабылдаған шешімнің тиісті қаулысы ертең «Monitorul Official»-да жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «МОЛДПРЕС»-ке сілтеме жасап.

Енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, газ жүйесімен жабдықталған көлік құралдарын көпқабатты тұрғын үйлердің жерасты тұрақтарына, әлеуметтік-мәдени ғимараттардың, мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардың тұрақтарына қоюға тыйым салынады. Сондай-ақ, ондай машиналарды жабық жерасты көлік тұрақтарына қоюға, тіпті кіруге рұқсат етілмейді.

Мұндай өзгерістер газ жүйесімен жабдықталған көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт шығу мен жарылыс қаупін төмендетуге бағытталған. Қаулы жария етілгеннен кейін күшіне енеді. 

Соңғы жаңалықтар