+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Мирас Мұқаш «AQTÓBE» телеарнасының директоры болды

2019 жылғы 5 желтоқсан 22:42
Бөлісіңіз:
Мирас Мұқаш «AQTÓBE» телеарнасының директоры болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған Мирас Мұқаш «Қазақстан» Республикалық телерадиокешені» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «AQTÓBE» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбеге «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасының орынбасары Ержанар Әшейхан келіп, «AQTÓBE» телеарнасының ұжымына Мирас Мұқашты тыныстырды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов ұжымның бірлігі мен тұтастығын, кәсібилігін атап өтіп, жаңа басшығы сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Мирас Мұқаш телеарна ұжымымен бірге жаңа жобаларды іске асыратынына сенім білдірді. М. Мұқаш Алматы облысының тумасы. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық басылымдарда жұмыс істеп, «Хабар» агенттігінің жаңалықтар бөлімінде еңбек етті. Телеарнаның Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болды әрі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі қызметін атқарды. Сонымен қатар «Жетінші арнада», оның ішінде «Нысана» қорытынды бағдарламасының тілші-редакторы болды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жаңа тағайындауға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT