Минскіде Қазақстан Президентінің кітабы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьта Қазақстан Республикасының осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Өз сөзінде Е. Ертісбаев аудиторияны кітаптың негізгі мазмұнымен таныстырды, ол экономикалық және саяси дамудың «қазақстандық моделі», сондай-ақ Қазақстан жаңғыруының үш толқыны ерекше орын алатынын атап өтті.

Бірінші және екінші жаңғырулардың арқасында тоталитарлық жүйені бөлшектеу және нарықтық экономиканы құру, сонымен қатар әлемнің 50 дамыған елі қатарына мерзімнен бұрын кіруі сәтті аяқталғанын атады. Үшінші жаңғыру жаңа жаһандық мәселелер жағдайларында, елдің жаңаруына және гүлденген 30 мемлекеттер қатарына жылжуға бағытталған. Президент Н.Назарбаевтың егеменді және тұрақты Қазақстанның қалыптасуы мен сақталуына баға жетпес рөлі мен орнына ерекше назар аударды.

Біздің тарихымыздың призмасы арқылы тұсаукесер қатысушылары кең ауқымды мәселелер бойынша екі жақты қатынастардың жай-күйін талқылап,  Қазақстанның  Елшілігіне «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен танысу мүмкіндігіне алғыстарын білдіре отырып, Қазақстанға одан әрі гүлденуін тіледі.

Тұсаукесерге Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының депутаттары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және мәдени орталықтар мен бұқаралық ақпарат өкілдері  қатысты.

Соңғы жаңалықтар