«Минск-Нұр-Сұлтан» ұшағы неліктен Қарағандыға қонғаны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Минск-Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшақтың Қарағандыға қонған себебін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері басқарма басшысынан кеше «Минск-Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшақтың неліктен Қарағандыға қонғанын сұраған еді.

«Иә, кеше сондай стандарттан тыс жағдай орын алды. Кеше біздің медициналық қоғамдастық үшін вирус жұқтырған науқастардың анықталуына байланысты жұмыс көп болды. Вирус жұқтырғандардың отбасыларын, ұшақ салонында қарым-қатынаста болған адамдарды есепке алғанда қанша азамат түсерін білмедік. Өйткені, науқастар 5 рейспен келген еді. Бұған қоса, тағы үш рейстің келетінін күттік. Бұл, шамамен160-тан астам адам. Оның үстіне, үш стационардың 2-еуі салыстырмалы түрде алғанда толық болды», - деді ол.

Оның айтуынша, елордада үш стационар дайындалған.

«Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында үш стационар бар. Төсек-орын саны - 1051. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен, ұсынысымен жасалды. Біз оған дейін өзге елдердің де тәжірибесін зерделеген едік. Тұрғындарымыздан болжамды тіркелетін инфекцияға байланысты 210 инфекциялық стационар қарастырылған. Ал қалғандары провизорлық, карантиндік орындар саналады. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласы үшін аталған төсек-орын қоры жеткілікті. Бүгінгі күні аталған төсек-орындарда 597 адам жатыр», - деді Сәуле Қисықова.


Соңғы жаңалықтар