Министрлік Нұра өзеніне лай судың ағызылуына қатысты түсінік берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының экология департаменті Нұра өзеніне ластанған су қалдықтарын төгу фактісін тексеруде. Қазіргі уақытта экологтар судан сынама алды. Сондай-ақ жергілікті билік өндірістік қалдықтар өзенге не себепті төгілгенін анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 ақпанда Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде «Bassel Group LLS» ЖШС күл үйіндісінің ағынды сулары Нұра өзеніне ағып жатқаны туралы видео жарияланды.

Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді.

«Биылғы 11 ақпанда сағат 17:57-де «Bassel Group LLS« ЖШС күл үйіндісінің бөгетін тексеру барысында рұқсат етілмеген ағынды сулардың төгілуі анықталды. Ағызудың себебі температураның төмендеуімен бірге, қар мен мұз массаларының айтарлықтай қысымы болған. Осылайша, шығару құдығының артқы қабырғасының дәнекерленген тігісі деформацияланып, нәтижесінде Нұра өзенінің бассейніне рұқсатсыз ағу орын алған. Кәсіпорын тез арада қақпақ тетігін жауып, ағуды тоқтатты», - делінген министрлік мәліметінде.
Сондай-ақ атап өтілгендей, кәсіпорын құдықтың қабырғасын қалпына келтіру және толығымен консервациялау бойынша жұмыстар жүргізу үшін «СтоунНаусГрупп» ЖШС (суда жүзу қызметі) мамандандырылған ұйымның басшылығымен келіссөздер жүргізген.

«Апат орнына Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің және «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы« РММ өкілдері, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті барған. Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі су сынамаларын алды. Жедел шаралар қабылданып, апат жойылды. Сонымен қатар, экология департаменті «Bassel Group LLS« ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізетін болады», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар