Министр волонтерлік қозғалысты дамыту қадамдары туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезеңінде еліміз бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық адамға көмек көрсетілді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялануы волонтерлік қозғалысты дамытуда ынталандыруға, әсіресе, пандемия кезеңінде елеулі ықпал етті. Атап айтқанда, «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі аясында волонтерлік штабтар құрылып, жедел байланыс желісі ашылды. Сонымен қатар, 40 мыңға жуық волонтер жұмылдырылып, халыққа нақты көмек көрсетті», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, төтенше жағдай кезеңінде еліміз бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық адамға көмек көрсетілді. Бұл тұрғыда соғыс және еңбек ардагерлері, қарт адамдар, көпбалалы әрі табысы аз отбасылар қамтылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қазақстандықты ерікті ретінде БҰҰ құрылымдарындағы жұмысқа бағыттау жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар