Министр ұялы байланыс антенналарының денсаулыққа әсері туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері тақырыбына тоқталсақ, ешбір антенна тиісті мемлекеттік органның рұқсатынсыз орнатылмайды», - деді А. Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, әрбір базалық станция үшін тиісті санитарлық паспорт беріледі.

«Тұрғын үйдің үстіне ұялы байланыс антеннасы міндетті санитарлық аумақ талаптарына сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға алаңдаудың реті жоқ», - деді министр.

Сонымен қатар, А. Жұмағалиев Қазақстанда 5G жоғары жылдамдықты интернетті іске қосу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі туралы түсіндірді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобасы іске асырылды.

«Жабдықтар жұмысы интернетті өте жоғары жылдамдықта тарату мүмкіндігін көрсетті. Осы бағытқа бюджеттен қаржы ескерілмеген, себебі телекоммуникация желілерін дамыту байланыс операторлары қаржысы есебінен жүзеге асырылады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар