+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Министр Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімін нақтылады

2021 жылғы 15 қазан 18:32
Бөлісіңіз:
Министр Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімін нақтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы бір айдың ішінде жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирустың жаңа штамы: Оңтүстік Африка Республикасымен қандай елдер әуе қатынасын шектеді Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

Орталық коммуникациялар қызметінде Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімі туралы сұралды.

«Pfizer вакцинасына қатысты күрделі логистика болғандықтан, қалалар бойынша бірнеше нүктелі орындар айқындалады. Осы орайда нақты мекежайларды, байланыс нөмірлерін хабарлаймыз. Нақты қандай вакциналау пунктері болатынын жариялаймыз», - деді А. Цой.

Сонымен қатар ол аталған екпені жеткізу мерзімін айтты.

«Бір айда жеткізіледі, яғни төртінші тоқсанға жоспарланған. Тоңазытқыштар жақын арада болады. Менің ойымша, қазан-қараша айларында жеткізіледі», - деді министр.

Еске сала кетейік, Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін Қазақстанға 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT