Министр елімізде заң көмегін ақысыз алу тәртібі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев заң көмегін ақысыз алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегі аясында 2019 жылы 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмекті алды. Бұл көмекті адвокаттар бюджет қаржысы есебінен атқарады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қаржыны тиімді жұсау, сондай-ақ адвокаттарды тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі аясында адвокаттарды тағайындау автоматты таңдау жолымен іске асырылады. Сонымен қатар, азаматтар осы жүйе арқылы онлайн консультация алу мүмкіндігіне ие болады.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік әрі қаржылық жағынан қиындыққа тап болған азаматтарға ақысыз кешенді әлеуметтік заң көмегін алу қарастырылған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл қызмет халық арасында айтарлықтай сұранысқа ие», - деді Бекетаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әділет министрі құрылған «Әлеуметтік қордың» негізгі міндетін түсіндірді.

Қазақстанда 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленеді.


Соңғы жаңалықтар