Міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауы тиіс - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мынадай екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауы тиіс. Медициналық себептерге және белгілі бір жағдайларға байланысты екпе салдырмайтын адамдар бар. Мемлекеттік органдар, әсіресе мониторинг жүргізу топтары осы мәселені ескеруі керек. Екіншіден, осыған дейін де айттым, вакцинация туралы жалған құжаттар жасау нарығы пайда болды. Мұндай деректерді тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек, жазаға тарту шарасы да қатаң болуы тиіс. Бұл Әкімшілік кодекске сәйкес заң бұзушылық екендігі айдан анық. Бірыңғай тестілеу базасының үлгісімен екпе салудың цифрлық картасын шұғыл түрде іске қосу керек»,- деді ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.


Соңғы жаңалықтар