+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Миллиардер Гонконг тұрғындарына 10 млн масканы тегін таратпақ

2020 жылғы 9 сәуір 12:15
Бөлісіңіз:
Миллиардер Гонконг тұрғындарына 10 млн масканы тегін таратпақ

ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Өнер туындыларының коллекцияларын жиюшы Адриан Чэн (Adrian Cheng) коронавирус пандемиясына қарсы күрес кезінде Гонконг тұрғындарына миллиондаған медициналық масканы тегін таратады. Бұл мақсатта 35 сауда автоматы салынбақ. Олар Гонконгтың түрлі бөліктерінде орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Бизнес империяның мұрагері Чэн маскалардың бірінші партиясы әлсіз адамдар топтары мен табысы төмен отбасыларға таратылатынын мәлім етті. Оларға маскаларды автоматтардан алу үшін арнайы смарт карталар беріледі.

Азияның басқа бірнеше елдері сияқты, Гонконг та өз тұрғындарына Covid-19 коронавирусы өршіген кезден бастап міндетті түрде маска тағуды кеңес еткен.

Чэн New World Development компаниясының бас директоры әрі атқарушы вице-төрағасы, сонымен қатар өнер туындыларын танымал жиюшы.

Былтыр ол Гонконгта өзінің жарқын сәулет және өнерімен кеңінен танымал болған K11 Musea сауда орталығын ашты. Forbes Чэн отбасының дәулетін 20,7 миллиард долларға бағалап отыр.

Маскаларды тарату автоматтары сәуірдің соңында қаланың 18 ауданында орналастырылады.

Johns Hopkins University мәліметтерінше, қазіргі кезде Гонконгта індетке шалдығудың 1000-ға жуық оқиғасы тіркеліп, вирустан төрт адам қайтыс болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT