Миллиардер Джек Ма Америкаға 1 млн маска сыйға тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма АҚШ-қа медициналық маска мен коронавирусты анықтайтын тестілерді сыйға тартты, деп жазады ВВС.

Қытай миллиардері Twitter-дегі парақшасына Шанхайда тұрған жүк ұшағының фотосын жариялады. Бұған дейін ол Америкаға 500 мың тест пен 1 миллион маска сыйға тартатынын мәлім еткен еді.

«Джек Ма Еуропаға да бірқатар медикаменттер жіберіп жатыр. Ол пандемиямен күресу үшін халықаралық ынтымақтастыққа шақырды», - деп жазады ВВС.

Оның айтуынша, компания Жапония, Оңтүстік Корея, Италия, Иран мен Испанияға да медикаменттер жеткізген. Сонымен қатар қазіргі таңда бүкіл Еуропаға тарату үшін 2 млн маска дайындап жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс пен әйелі Мелинда Гейтс вирустың таралуын тоқтатумен күресу шараларына 100 млн доллар бөлетінін хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар