Михаил Кукушкин ATP рейтингінде орнын өзгерткен жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған  нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Испандық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы болып қалып отыр, екінші орында - швейцариялық Роджер Федерер, көшбасшылар үштігін хорват Марин Чилич тұйықтады.

ТОП-100-дегі Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 92-орынды сақтап қалды.

Біздің елімізден ТОП-100-ге жақын спортшы Александр Бублик 146-орыннан 145-ке көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар