Мичиган штатында дамба бұзылып, 10 мың адамды эвакуациялап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мичиган штатында нөсер жауын салдарынан Титтабаваси өзеніндегі дамба бұзылды. Билік өкілдері Мидленд аймағының 10 мыңға жуық тұрғынын қауіпті аймақтан эвакуциялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Мидленд өкілетті округі Кеңесінің төрағасы Марк Боне 10 мыңға жуық адам тұратын 3,5 мың үйге эвакуация туралы хабарланғанын мәлім етті. Оның айтуынша, әзірге су басқан аймақтардан зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өңір тарихындағы ең ауқымды су тасқыны болуы мүмкін. Мичиган штатының губернаторы Гретхен Уитмер су тасқыны әсіресе Мидлендтің орталығына қауіп төндіргенін айтты. Қалада, Титтабаваси өзенінің жағасында Dow Chemical химиялық зауыты орналасқан. Оған да су астында қалу қаупі төніп тұр.

Гретхен Уитмер Мидленд аймағында төтенше жағдай жариялап, су басу қаупі төніп тұрған аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшуге немесе эвакуациялық орталықтардың біріне орналасуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар