Мейрамхана мен дәмханалардың қашан ашылары белгісіз - Тимур Сұлтанғазиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазда мейрамханалардың ашулы мәселесі әзірге өзекті емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге жазда мейрамханалардың ашылу-ашылмау мәселесі өте өзекті емес. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға қарау керек. Жақын арада мейрамхана мен дәмханаларды ашу ұсынылмайды», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі өңірлерге жол қашан ашылатыны туралы жазған болатынбыз. Комитет төрағасының айтуынша, барлық бағытқа жолдың ашылуы карантин талабын қалай сақтағанымызға және оның нәтижесі қалай болатындығына байланысты.


Соңғы жаңалықтар