«Мейірімді бол»: Алматы облысында 40 отбасыға азық-түлік таратылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 40 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымды істер» марафоны атты игі жоба аясында Талдықорған қалалық Ж астар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімді бол» акциясы өтті. Шара барысында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналарға және көмекке мұқтаж отбасылырға, қарттарға азық-түлік таратылды.

Акцияға Талдықорған қаласының кәсіпкерлері, меценаттар және қала еріктілері қолдау көрсетті.


Соңғы жаңалықтар