+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Меркі қант зауыты шаруалар алдындағы қарызының 640 миллион теңгесін төледі

2020 жылғы 22 мамыр 02:30
Бөлісіңіз:
Меркі қант зауыты шаруалар алдындағы қарызының 640 миллион теңгесін төледі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдындағы берешегін өтеу, сондай-ақ қант өндірісін одан әрі дамыту және қолдау мәселелері талқыланды.

«Біз Меркі қант зауытының басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселені шешу үшін бюджеттен 180 миллион теңге бөлінді. Біздің алғашқы кездесуімізде қант зауытының қарызы 1 миллиард теңгеден асатындығы айтылған. Бүгінге дейін сіздерге 640 миллион теңгеден астам қаржы төленсе, зауыт басшылығы келесі аптада тағы 135 миллион теңгені өтейтіндігіне сендіріп отыр. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы фермерлерді бірігуге шақырып, қызылша өсірушілер қауымдастығын құруды ұсынды.

«Біз сіздерді әрқашан қолдап келдік, алдағы уақытта да қолдайтын боламыз. Өз кезектеріңізде сіздер де бірігіп, қауымдастық құрып, егіс алқабын көбейтулеріңіз маңызды. Облыс аудандарынан бірнеше қант шығаратын шағын зауыттардың құрылысын салуды қарастыру қажет. Бұл істе сіздерге «Тараз» ӘКК қол ұшын береді. Біздің міндетіміз –бүкіл Қазақстанды қантпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар экспортқа өнім шығару», - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде аймақтың қызылша өсірушілері өзекті мәселелерді шешуге, соның ішінде тұқыммен қамтамасыз етуге, «Аммофос» фосфорлы тыңайтқыштарын жеңілдікпен сатып алуға және субсидиялауға көмектескені үшін алғыстарын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT