«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңдері басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2013 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңі бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурс ережесіне сәйкес алғашқы аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 1 мамырында басталған. Оның жеңімпаздары облыстық кезеңдегі іріктеуден өтіп, ұлттық кезеңге жолдама алуы керек.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру бағытталған. Оған қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар жанұялардың мүшелері жіберіледі.

Конкурсты ұйымдастыру ережесіне сәйкес, жергілікті әкімдіктер "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссия құрады. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде бірге берілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар