«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары 250 мың теңгенің сертификатына ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған бұл байқауға аудандық және қалалық кезеңдерден өткен 29 отбасы қатысқан. Оның ішінде облыстық деңгейге 7 отбасы іріктеліп, жүлделі орындарды иеленген. Атап айтқанда, 1- орынды және 250 теңгенің сертификатын Ақкөл ауданынан Әубәкіровтер отбасы және Целиноград ауданынан Ысқақовтар отбасы өзара бөліссе, 2-орынға және 150 теңгенің сертификатына Степногор қаласынан Оралбаевтар отбасы лайық деп танылды. Ал, Целиноград ауданынан келген Кемеңгеровтар жанұясы 3- орынды, яғни 100 теңгенің сертификатын еншіледі.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да ойдағыдай өтті. Ақмола облысында да шаңырағында татулық пен мейірім орнаған отбасылар баршылық. Тату отбасының айрықша үлгісі болып отырған сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін», - деп атап өтті құттықтау сөзінде аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.null

Сонымен қатар, байқауға қатысқандары үшін Сандықтау ауданындағы Мусхановтар, Ерейментау ауданынан Амантаевтар, Зеренді ауданындағы Штир әулеттері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

null null null null

Соңғы жаңалықтар