Мерекелік тарту: Сандықтауда ауыл шаруашылығы кешені және ірімшік цехы іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының күні қарсаңында Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Сандықатау-Агро» ауыл шаруашылығы кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Рабиға Мұқанованың мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 2 ангар, 2 механикалық тоқтың, астық өлшейтін нысанның құрылысы, сондай-ақ, асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Серіктестік директоры Наталья Тамбовцеваның айтуынша, нысан ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жұмысқа дайын болады.

«Жобаның құны 285 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарынан 20 адам тартылып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді», - дейді Наталья Тамбовцева.

Сонымен қатар, ауданда «Нұрлы Абат»ЖШС-де ірімшік өндіру цехы жұмысын бастады.

Кәсіпорын басшысы Нұрлыбек Нысанбаевтың айтуынша, кәсіпорын қызметінің негізгі түрі - сүт өңдеу және ірімшік өндіру. Мұнда тәулігіне 3 тонна шикізат өңделеді.

«Қазіргі уақытта цех 50 пайызға жүктелген. Сепаратор, бөлшектеу үстелі, ірімшік қайнатуға арналған ыдыстар, зертхана, сүт қабылдау пункті, тоңазытқыш жабдығы бар қойма бөлмесімен жабдықталған», - дейді серіктестік басшысы.


Соңғы жаңалықтар