Мердігерді шақырамыз – Арыстың әкімі жарылыстан соң салынған сапасыз үйлер жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек жарылыстан кейін салынған үйлердің сапасына шағымдардың түсіп жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстағы жарылыстан соң салынған үйлердің сапасыз екені жайлы шағымдар түсуде. Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен үйлердің кей жерін тұрғындардың өзі жөндедік деп отыр. «Бұл жайлы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылды Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбекке ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Арыстың әкімі шынында да мұндай сұрақтардың туындап жатқанын растады.

«Қала бойынша 7635 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан ішінде бірен-саран ондай жағдайлар тіркелуі мүмкін. Бұл заң шеңберінде шешілетін мәселе. Егер тұрғын үйге жөндеу жұмыстарынан кейін белгілі бір ақаулар шыққан жағдайда шартта көрсетілгендей мердігерді шақырып, үйді жөндеп береміз. Жалпы мұндай шағымдар жыл басынан бері бірен-саран түсуде. Ол бойынша тиісті шараларды қабылдадық. Мердігерлер өзіне міндеттеме алған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Арыс қаласының әкімі жарылыстан кейін зақым келген 7635 үйдің көбі жөнделіп, кейбірі қайта салынып халықтың игілігіне берілгенін мәлім еткен еді.



Соңғы жаңалықтар