Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 2 қарашадағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясына қатысты 85 оқиға  тіркелді. Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның спорадиялық жағдайлар тіркелуде. Ақмола облысында менингококк инфекцияға күмәнді 1 жағдай тіркелген», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Министрліктің хабарлауынша, жалпы эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгініп, оның барлық ұсынымдарын орындау қажет. Гигиенаны сақтап, ғимаратты жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек», - делінген министрлік таратқан нұсқауларда.

Сонымен қатар мамандар салқын тиюден, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен сақтанып, қорғану керектігін алға тартуда

Соңғы жаңалықтар