04:32, 06 Желтоқсан 2019 | GMT +6
«Менің Жансүгіровым» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Айгүл Черендинованың «Менің Жансүгіровым» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильмге» сілтеме жасап.
«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 6 желтоқсанда режиссер Айгүл Черендинованың «Менің Жансүгіровым» («Мой Жансугуров») атты деректі фильмнің көрсетіліміне шақырады», делінген хабарламада.
Шара 6 желтоқсанда сағат 19:00 Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтеді.