Менің айлығым өскен жоқ - Айжан Есмағамбетова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус індетімен күрес кезіндегі өзінің айлығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желідегі онлайн баспасөз мәслихатында эпидемия кезінде құзырет артып, жұмыстың көбеюіне байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің және өңірлердегі бас санитар дәрігердің жалақысы қаншалықты өзгергені туралы сұрақ қойылды.

«Президент тапсырмасы бойынша қауіп дәрежесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарына еңбекақыға үстемақы төлеу қарастырылған», - деді А. Есмағамбектова.

Осы орайда ол өңірлердегі дәрігерлерге тиісті төлемдерді алғанын жеткізді.

«Өңірлерде алды. Менің айлығым өскен жоқ», - деп нақтылады ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері.


Соңғы жаңалықтар