+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Мен қатты қорықтым – коронавирустан емделіп шыққан ақтөбелік

2020 жылғы 22 мамыр 15:20
Бөлісіңіз:
Мен қатты қорықтым – коронавирустан емделіп шыққан ақтөбелік

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша індетке шалдыққандардың 164-і емделіп, үйлеріне шықты. Олар бұл індеттің өте қауіпті, үнемі қорғанып жүру қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Індетке шалдыққандар өз аты-жөнінің аталмағанын, бәрінің жасырын болғанын қалап, көбі ем жүргізілу барысын ғана айтуға келісті. Олар коронавирус инфекциясының ойдан шығарылмаған дүние екенін, қызу көтеріліп, жөтелген кезде бойды қорқыныш билейтінін айтып, бос сөзге сенбеуге шықырды.

«Мен 15 сәуір күні Мәскеуден келдім. Шекара бекетінен өткенде қатты жөтелдім. Бірден стационарға апарып, анализ алды. Коронавирус инфекциясы расталып, ауруханаға жатқызып, дәрі берді, екпе жасады. Кейін Ақтөбе қаласындағы инфекциялық ауруханаға жеткізіп, күн сайын жағдайымыз қалыпқа түсе бастады. Бұл ауру бар. Мен өзім сезіндім. Ауырған адамның мұрны иіс сезбейді, дәм білмейді. Мұндай жағдай бірінші рет кездесіп тұр. Қатты қорықтым. Қазір барлығы жақсы. Ауруханада 20 күн жатып, ем қабылдадым», - деді ақтөбелік тұрғын.

Тағы бір ақтөбелік Мәскеуден келген кезде індетке шалдыққанын білген.

«21 сәуір күні Мәскеуден келдім. Мені шекарада тексерді. Одан үш күн бұрын қызуым көтеріліп, қиналдым. Ал Ақтөбеге жеткенде иіс сезбедім. Анализ тапсырған кезде вирус анықталды. Бірден инфекциялық госпитальге жатқызып, ем жүргізді. Дәрігерлер жан-жақты қарап, көмектесті. Менде жеңіл түрде өтті. Дәм сезбедім, иіс де мүлде білінбеді», - деді ол.

Қазір өз жағдайлары туралы айтып берген екі науқас та емін алып, үйлеріне жіберілді.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Ақтөбеде 2 айлық нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT