Мен GGG-ды жеңген сияқты сезінемін - Дэниэл Джейкобс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) поляк Мацей Сулецкиге (26-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр, алайда ол Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) ықтимал реванштың ойында жүргенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл маған мотивация  береді. Мен бірінші айқаста GGG-ды жеңген сияқты сезінемін және менің жоспарымда реванштың болғаны баршаға мәлім - бұл жерде жасыратын ештеңе жоқ!», - деп жазды  туиттерде оның Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Джейкобстың сөзін келтіріп.

Джейкобс - Сулецки жекпе-жегі 28 сәуірде Бруклинде өтеді (Нью-Йорк, АҚШ).

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йоркте айқас өткізген еді. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған. 

Соңғы жаңалықтар