Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым - Абылайхан Жүсіпов

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық боксшы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов 2009 жылғы Әлем чемпионатында Серік Сәпиевті жеңген ресейлік Андрей Замковойға есе жіберді. Алайда жартылай финалдағы жеңіліске қарамастан, бұл жекпе-жек тартысты өтті, дейді ол.

«Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым. Әрине, кемшіліктер болды. Біз әлі жекпе-жекті талдап үлгерген жоқпыз, бірақ міндетті түрде оны зерделеп, қателікпен жұмыс істейміз», - деді боксшы.

Спортшының айтуынша, бұл әлем чемпионаты ол қатысқан ең күтпеген оқиғалардың бірі болды. Себебі, еліміздің әрбір салмақ дәрежесінде бұрын халықаралық аренада өнер көрсетпеген жас былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Қазір Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирге дайындық үстінде. Бұл чемпионатта сәтті өнер көрсету біздің боксшымызға Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар