Мемсатып алудың «электронды дүкен» түрі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алудың «электронды дүкен» түрі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы негіздемені (жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алу; ҚР заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызметтерді сатып алу; 100 АЕК дейін тауарларды, сондай-ақ 500 АЕК дейін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу) алып тастау «электрондық дүкен» түрінде сатып алудың жаңа тәсілін енгізу жолымен өтелетін болады. Ол мұндай тауарларды, жұмыстарды 1 жұмыс күні ішінде бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік береді«, - деді вице-министр.

Бұл ретте Тауарларды электрондық дүкен арқылы сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс істеп тұрған интернет-дүкендер базасында жүзеге асыру ұсынылады.

»Мемлекет басшысының қағаз құжат айналымын алып тастау және толық цифрландыру жөніндегі саясатын ескере отырып, сондай-ақ электрондық коммерцияны дамыту жағдайында осы тәсілді енгізу өте өзекті болып табылады. Ұсынылатын электрондық дүкен тетігі тапсырыс берушіге тауарды, жұмысты немесе қызметті таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте өнім берушіні анықтау нарықтағы ең үздік шарттар бойынша қолда бар ұсыныстар негізінде жүргізіледі«, - деді Руслан Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар