Меморгандардың халық алдындағы беделі қажетті деңгейде емес – Мұрат Әбенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының басшысы-ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов «Nur Otan» партиясының праймеризм жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде болып жатқан саяси-қоғамдық процесс барлығын ойландырады. Бұл, тек бізде емес. Америка, Еуропаны алып қарайтын болсақ, азаматтық қоғамның даму деңгейі өте жоғары және бұрынғы басқару жүйелері өз деңгейінде қызмет атқарып жатыр деп айта алмаймыз. Жұрт көшеге шығып, әртүрлі талаптарын қойып жүр. Мемлекеттік органдар барлық жағдайда соған қажетті шешімдер қабылдап үлгермей жатқанын байқап отырмыз. Дәл осы проблемалар бізде де бар. Оны көріп те жүрсіздер. Өкінішке орай, мемлекеттік органдардың халық алдындағы беделі көп жағдайда қажетті деңгейде емес. Өзара сенім жоқ»,- деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының құрылуына орай өткен баспасөз мәслихатында

Оның атап өтуінше, мұндай проблемалардың туындауына қоғамдық бақылаудың жоқтығы және халық көтерген мәселелердің биліктің естімеуі себеп болып отыр.

«Ал мұны кім көтеріп, кім айтуы қажет? Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парламенттің мәртебесін, беделін көтеруіміз қажеттігін, Парламент халықтың үнін билікке жеткізуі керектігін« айтты. Сондықтан халықтың үнін билікке жеткізетін Парламент қалыптастыру қажет», - деді Мұрат Әбенов.

Осы орайда ол «Nur Otan» партиясында жақсы өзгерістер орын алып, ішкі тазарту жүргізіліп жатқанына назар аудартты.

«Nur Otan» партиясы жаңа сайлауда праймеризм арқылы партияға мүше емес азаматтарды Парламентке, жергілікті мәслихатқа ұсынамыз деп жатыр. Менің ойымша, жақсы әрі батыл бастама. Себебі көп партия мұндайдан қорқады. Ал «Nur Otan» қазір қоғамға жақсы белгі беріп жатыр. Белсенді болсаңыз – сыртта қалмаңыз, «Nur Otan» партиясы сіздерге мүмкіндік береді«,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар