+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Меморгандардың 310 сайты жыл соңына дейін бірыңғай платформаға біріктіріледі

2020 жылғы 19 ақпан 18:53
Бөлісіңіз:
Меморгандардың 310 сайты жыл соңына дейін бірыңғай платформаға біріктіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың 310 сайты 2020 жылдың соңына дейін бірыңғай платформаға біріктіріледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні мобильді үкімет әр азаматтың қалтасына смартфон ретінде «сыйып кеткен». Бұл нені білдіреді? eGov mobile мобильді қосымшасында барлық қажетті құжат, атап айтқанда, жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік – бәрі жүктелген. «Жаңа технологиялар туралы» заңның шығуымен аталған құжаттардың мәртебесі қағаз жүзіндегі түпнұсқа құжаттармен теңеседі», - деді Асқар Жұмағалиев.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша Ішкі істер министрлігімен бірге жүргізуші куәлігін аталған қосымшаға қосу мәселесі пысықталып жатыр.

«Бір көлігі бар отбасындағы екі адам үшін бұл өте ыңғайлы болмақ. Техникалық құжаттарды беріп отырудың қажеттігі артта қалады. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы меморгандар мен әкімдіктердің шашырап жатқан сайттарын GGOV.kz бірыңғай сайтына біріктіруге мүмкіндік береді», - деді министр.

Асқар Жұмағалиев мемлекеттік органдардың 310 сайты жыл соңына дейін бірыңғай платформаға біріктірілетінін мәлімдеді. Жоба 2 млрд теңгелік бюджет қаражатының үнемделуіне жол ашып, сайттардың 100 пайыз қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT