+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Мемлекеттік туды қоғамдық орындарда ілуге бола ма: Байбектің жауабы

2019 жылғы 23 қазан 21:30
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік туды қоғамдық орындарда ілуге бола ма: Байбектің жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мемлекеттік туды насихаттау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық тәжірибені қарастырсақ, әрбір елдің өзінің ұлттық рәміздерін кеңінен пайдаланатынын көреміз. Мысалы, АҚШ пен Түркияда көшелер жалаушалармен безендірілген. Олар шам бағаналары арасына тартылып, жеке аулаларда, тұрғын үйлер ішінде, қоғамдық орындарда, туристік нысандарда ілінген. Ал біздің қоғамда өкінішке орай, «Мемлекеттік туды пайдалануға және ілуге рұқсат жоқ» деген жалған стереотип қалыптасқан. Жұртшылықты осы стереотиптен арылту үшін партия «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясын қолға алды», - деді Бауыржан Байбек Мемлекеттік рәміздер мен наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия отырысында.

Бұл акция еліміздің Туын қоғамдық орындарда, туристік нысандарда және маршруттарда, сауда орталықтарында, жоғары және арнаулы оқу орындарында жаппай ілуді көздейді.

Төраға орынбасарының айтуынша, «Nur Otan» партиясының қолдауымен 10 қазанда Алматы қаласында Медеу спорт кешені аумағында биіктігі 40 метр болатын тутұғыр орнатылып, байрақ көтерілді. Атырау мен Қостанайдан басқа, барлық облыс орталықтарында биік тұғырда Мемлекеттік ту ілініп тұр.

Комиссия төрағасы – Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев аталған патриоттық акцияға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

«Уәкілетті органдарда, аудандық және қалалық әкімдіктерде, шалғайдағы ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы жұмысына бақылау күшейтілсін», - деп тапсырма берді Мемлекеттік хатшы.

Айта кетейік, ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру» туралы айтылған.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөнінде республикалық комиссия отырысы өтті. Отырыста ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік рәміздердің импортына тыйым салуды ұсынды.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының дәрежелері алынып тасталып, ұқсас наградалар біріктіріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Nur Otan партиясы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT