Мемлекеттік тілді дамытуға арналған онлайн курстар жалғасуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында қолға алынған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстар жалғасуда.

Курсты Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тілдік курстар өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тіл орталықтарының директорлары, әдіскерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттарына арналған. Онлайын курстар 17 сәуірге дейін жалғасады. Бүгінгі курста Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктері, латын графикасына көшу үдерісі, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар, жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдану жолдары талқыланды.

Бұдан бөлек, қазақ тілін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланып, терминдер қалыптастыру мен ономастикалық атауларды жетілдіру бағыттары туралы пікір алмасты»,- делінген баспасөз баянында.

Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұраққа жауап алды. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысты.


Соңғы жаңалықтар