Мемлекеттік сатып алу бағасын өсіруде алдыңғы орындағы тұрған өңірлер аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынасары Ербол Өстеміров мемлекеттік сатып алу бағаларын өсіруде алдыңғы орындағы өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ербол Өстеміров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ҰКП-ның жемқорлыққа қарсы бірлесе күрес жүрізу жұмысының нәтижесі туралы айта отырып, палата өкілі әртүрлі органның мемлекеттік сатып алу бағасын өсіріп жіберетін жағдайлар кездесетінін айтады.

«Өңірлердегі мәліметті келтірер болсақ, өсірілген баға бойынша өңірлердің алдыңғы қатарында Маңғыстау облысы, екінші орында Солтүстік Қазақстан, үшінші орында Атырау облысы тұр. Тізімнің ең соңғы орындарынан Шымкент қаласын, Түркістан мен Алматы облысын көруге болады», - дейді Ербол Өстеміров агентіктің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында.

Оның айтуына қарағанда қазіргі жүйеде мемлекеттік сатып алулардың бағасын өсіруге мүмкіндік беретін қауіптер бар.

«Жүйе олардың бағаны өсіретінін көрсетеді», - дейді Ербол Өстеміров.

Оның айтуынша, кей жағдайда мемлекеттік сатып алудың бағасының өсірілгені туралы күдік-күмән расталмай жатады.

«Біздегі жүйе бір рет бір компьютердің бағасы 1 млн теңгеге сатылып алынғанын көрсетті. Бірден күмән тудырарлық жағдай. Себебі біз компьютердің ары кетсе 200 мың теңгеге шығатынын білеміз. Ары кетсе 50 мың теңге қосылады. Кейін жағдайды зерттеу барысында бұл компьютерлердің есту кемістігі бар адамдарға арналғанын, оларға өзіндік ерекшелігі бар компьютер керектігін түсіндік. Бұл жағдайда мәселенің негізі бары айқындалды», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар