Мемлекеттік рәміздерге тіл тигізген Павлодар облысының тұрғыны қамауға алынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында ауыл тұрғыны мемлекеттік рәміздерге тіл тигізгені үшін қамауға алынды. Ол мас күйінде болған, өз іс-әрекетін бақылауда ұстай алмай, әлеуметтік желіде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің атына бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бесінші маусым күні Павлодар ауданының полициясына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны хабарласып, әлеуметтік желі пайдаланушысын әкімшілік жауапкершілікке тартуды өтінді. Мұндай шағымының себебі ер адамның Instagram-дағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің атына әдепсіз сөйлеуі болды, осылайша ауыл тұрғыны Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеді»,- деді Павлодар облысы Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзушының анықталып, ұсталғанын атап өтті. Ол Павлодар ауданы Ефремовка ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам өзінің қателігін мас күйінде болуымен және әрекеттерін бақыламауымен түсіндірді.

«Ауыл тұрғынына қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-тармағы («Ұсақ бұзақылық» бабы) бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді. 2021 жылғы 6 маусымда онлайн режимде сот өтті. Сот отырысында ауыл тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада баяндалған мән-жайларды растай отырып, жасалған құқық бұзушылық кінәсін мойындады. Сот кінәлі адамды ҚР ӘҚБК 434-бабының 1-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартты»,- деп атап өтті полиция.


Соңғы жаңалықтар