Мемлекеттік рәміздер күні: Көкшетаулықтар «Менің туым» атты шеруге қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің туым» атты шеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеруге қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан бастап, Абай көшесінің бойымен «Ту тұғырға» дейін мемлекеттік туды желбіретіп жүріп өтті.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мемлекетіміздің басты рәміздері саналатын Әнұран, Елтаңба, Көк байрағымыздың қадір-қасиетіне ерекше тоқталды.

«Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері - халқымыздың ұлттық салт-санасын, арман-тілегін, рухын асқақтататын ерекше құнды белгілер. Кез келген ел Елтаңбамен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты. Елбасының жарлығымен 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. Бұл - мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Мұны әрбір жас естен шығармауға тиіс»,- деді аймақ басшысы Е.Маржықпаев.

Салтанатты шара барысында еліміздің көк туын дүниежүзіне танытып жүрген бір топ ақмолалық облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар