Мемлекеттік рәміздер бойтұмарымызға айналуы тиіс - Жандарбек Мәлібеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл рәміздеріміз - Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның қабылданғанына 25 жыл толады. Мерейлі күн қарсаңында, ҚР Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіздік рәміздері» атты кітап-құжаттық көрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Көрме Мемлекеттік Туға, Елтаңбаға және Әнұранға арналған үш бөлімнен тұрады. Онда мемлекеттік рәміздердің туу тарихы, авторлардың өмірбаяны, егемендікке дейінгі тарихи рәміздер туралы құжаттық материалдар қойылған.
null 

Салтанатты ашылуға қатысқан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков рәміздердің қадір-қасиетін ұғыну қажеттігін баса айтты.
null 

«Елтаңбатану» деген бағыт болу керек. Өйткені қазір Елтаңбаны бір фирманың логотипі ретінде  қабылдап жүрміз. Шын мәнінде Елтаңбада қазақ халқының ертеден келе жатқан мұң-мұқтажы, тарихы, дәстүрі көрсетілген. Халықтар достығы шаңырақ пен уықтар арқылы көрсетілген.  Оны көпшілік біле бермейді. Елімізде рәміздерді өскелең ұрпаққа насихаттауға, таныстырып жүруге үнемі мүмкіндік жасалса игі. Әрбір мемлекеттік рәміз біздің бойтұмарымызға айналуы тиіс», - деді Елтаңба авторы.
null 

Айта кетейік, көрме жұмысы жаңа материалдармен толықтырырыла отырып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Фото: Виктор Федюнин

Соңғы жаңалықтар