Мемлекеттік органдардың сайты бірыңғай платформаға көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 министрлік, 48 комитет пен 10 жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстары бірыңғай платформаға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Мемлекеттік орган және оның құрылымдық бөлімшесі туралы негізгі ақпарат ашық түрде, олардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады. Мұндай сайттардың саны жүздеп саналады. Бұл - министрліктердің, олардың комитеттері мен департаменттерінің сайттары, облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да ведомство, әкімдіктер сайттары.

«Мемлекеттік органдардың барлық сайттары біріктіріліп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды. Менің ойымша, біз үлкен жұмыс атқардық және сол арқылы азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимыл процесін жеңілдеттік», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

МО ИРБП -да барлық мемлекеттік органдар үшін олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерін ескере отырып, бөлімдер құрылған, оның ішінде контентті толтыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бөлімдердің жалпы саны 900-ге жуық.

Жаңартылған құрылымы бар бірыңғай дизайн, ыңғайлы навигация және оңай ақпарат беру оны іздеуді жеңілдетеді. Мемлекеттік органдардың жаңалықтары, анықтамалық ақпарат, құжаттар, НҚА және т.б. басқа ресурстарға ауыспай, 2 рет басу үшін бірыңғай платформада қолжетімді.

«Сұрақ-жауап» сервисінің көмегімен пайдаланушылар ЭЦҚ пайдаланбай-ақ мемлекеттік органдарға ашық сұрақ қойып, жауап ала алады.

Қазіргі уақытта МО ИРБП функционалын жаңғырту жалғасуда және мемлекеттік органдардың сервистері ауыстырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар