Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оңтайландыру аясында мемлекет қай бағыттағы шығыстарды қысқартатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Атап айтқанда, мына шығыстарды қысқарту күтілуде:

- іссапар, өкілдік шығындарды, заттай мүлікпен, тамақпен қамтамасыз етуді және т. б. қысқарту;

- институционалдық қарыздар бойынша шығыстарды қысқартумен олардың тиімділігін қайта қарау;

- квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің өзін-өзі барынша ақтауына көшу;

- басталған жобаларды аяқтау міндетін шешуді ескере отырып, барлық салаларда шынайы инфрақұрылымдық жоспарларды әзірлеу;

- жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру.


Соңғы жаңалықтар