Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Қарағанды облысы бойынша департамент ұжымы мен әкімге Департаменттің жаңа басшысы әрі Әдеп кеңесінің төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лауазымға Агенттік төрағасының бұйрығымен ротация тәртібімен Айгүл Бейбітбайқызы Байханова тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Дәуешов Департаменттің ел Президенті және Агенттік басшылығы қойған міндеттерді атқаруда ұйымшыл әрі жемісті қызмет атқарып отырғанын тілге тиек етті.

Айгүл Бейбітбайқызы Байханова 1973 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие», «Болашақ» университетін «заңгер» мамандығымен тәмамдаған, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Мемлекеттік қызметте 1992 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының маманы болып бастады.

1996-2002 жылдары Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған.

2002 жылы Жоғарғы соттың жанындағы Соттар әкімшілігі комитетінің Қызылорда облысы бойынша әкімшісінің қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2005-2007 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Қаржы департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қызмет етті.

2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Есеп-талдау бөлімінің бас маманы, бас консультанты болған.

2010 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016-2019 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған.

Соңғы жаңалықтар