+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 20 қыркүйек 20:01
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бақытжан Слямов тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкімі тағайындалды Ақмола облысының Жақсы ауданына жаңа әкім келді Ақмола облысының Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

Слямов Бақытжан Оразғалиұлы, 1983 жылы туған.

2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Жеті Жарғы» ЖШС заң фирмасында заң кеңесшісінен бастап, директорға дейін жетті.

2009 жылдың қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің Кеңсесінде мемлекеттік қызметке депутаттың көмекшісі ретінде қабылданды, онда 2014 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, кеңесші, инспектор болып жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары және ішкі басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT