Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-шенеунігі 100 мың доллар пара алған деп күдіктелді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алуға қатысты күдікті болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол салық тексеруін уақытылы әрі кедергісіз аяқтау, сондай-ақ басқа да кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз іске асыруға мүмкіндік беру үшін 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алу күдігіне ілікті», - деді Данияр Бекайдаров Antikor орталығында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны жарияланып, қылмыстық істің материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар