+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» аясында Ұлттық комиссияға тапсырмалар жүктеді

2020 жылғы 5 ақпан 17:06
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» аясында Ұлттық комиссияға тапсырмалар жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көрісу мерекесінің тәрбиелік мән-маңызы да ерекше – тарихшы Саялбек Ғиззатов

«Мәжілісте ұсынылған іс-шаралар жоспарының жобасымен танысқан кезде прагматизм бағыты бойынша біршама шара енгізілгенін байқадыңыздар. Сондықтан, жоспарды жүзеге асыру барысында қоғамның барлық күш-жігерін бұл іске жұмылдыру керек. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, зиялы қауым, қоғамның белсенді өкілдерін тарта отырып, осы әдет-ғұрыптық рәсімдерді, әсіресе тойлар мен астарды ысырапсыз әрі даңғазасыз өткізуге байланысты ұсынымдарды дайындауға тапсыруды дұрыс деп есептеймін», - деді Мемлекеттік хатшы Ақордада өткен Ұлттық комиссия жиынында.

Оның айтуына қарағанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Үкіметтен бастап, жергілікті атқарушы органдарға берілетін тапсырмалар бар.

«Біз алдағы жұмыс жоспарымызды өте жинақы мақсатты әрі нысаналы түрде жүргізуіміз керек. Ол үшін жұмыс жоспарын үш бағытқа жіктеп отырмыз. Бірінші бағыт – тұлғалық даму бағыты. Бұл бағыттың ішіне білімнің салтанат құруы, прагматикалық құндылықтарды сіңіру, бәсекеге қабілеттілік сынды құндылықтарды жинақтап, адами капиталды арттыруға бағыттаймыз. Әсіресе, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Екінші бағыт – ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл бағыт ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық бірегейлікті халықаралық деңгейде көрсету сынды кешенді шараларды қамтиды. Үшінші бағыт – мемлекет пен қоғамның дамуы. Бұл бағыт елімізде революциялық даму емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асады. Бағдарламаны жүзеге асыруда науқаншылыққа жол бермеуіміз керек», - деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев аталған міндеттерді сапалы түрде орындау үшін комиссия атынан нақты бірқатар тапсырма берілетінін жеткізді.

«Біріншіден, мемлекеттік комиссияның хаттамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген шаралардың қаржыландырылуын және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі керек. Үшіншіден, БҒМ білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына патриоттық білімділік, бәсекеге қабілеттілік, функционалдық, ұлттық код сияқты тәрбиелік элементтерді қамти отырып, күшейтілген тәрбие компонентін енгізу жөнінде шұғыл шаралар қабылдасын. Сонымен қатар, біртұтас Қазақстан мемлекеттік идеологиясының пәрменін жүргізу мақсатында жалпы Қазақстанда балалар мен жастар қозғалысын құру жөнінде Мемлекет басшысының атына ұсыныс дайындалсын. Жас ұрпақты патриотизмге баулу және олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында халық саны 30 мыңнан жоғары аудан орталықтарында ауыл балаларына арналған бейімдік дарынды балалар мектеп-интернаттарын ашу, сондай-ақ әскери кадеттер мектептерін ашу, онда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың да оқуына қажетті мүмкіндік жасау жөнінде Президент Әкімшілігіне 1 наурызға дейін тиісті ұсыныс енгізілсін», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар танымдық бағдарламалар шығаруға барлық БАҚ-ты жұмылдыруды жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT