Мемлекеттік бастамаларды іске асыруға кәсіби мамандарды келісімшарт негізінде тартамыз – Дархан Жазықбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекелеген саяси лауазымға үміткерлерді ассессмент-орталық арқылы бағалау жүйесі жолға қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында саяси лауазымға үміткерлерді іріктеудің тәртібі өзгеретінін мәлім етті.

«Сондай-ақ, жекелеген саяси лауазымдарға үміткерлердің құзыретін бағалайтын ассессмент-орталық құру жоспарланған. Оның үстіне келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің институты енгізілді. Бұл мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезінде арнайы білім бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді», - деді Дархан Жазықбаев.

Агенттік өкілінің сөзінше, бұдан былай мемлекеттік органдағы мамандарды басқаруға жауапты қызметтердің жауапкершлігі мен мәртебесі күшеймек.

«Енгізіліп отырған өзгерістер мемлекеттік органдар персоналын басқару қызметтерінің өкілеті мен мәртебесін қайта қарап, олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды қажет ететін айта кеткен жөн», - деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар