Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына салынған инвестициялар бір жылдың ішінде 2\3 процентке өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметтер 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,3% - ға артық, деп жазады finprom.kz.

2019 жылдың баламалы кезеңінде секторда қызметтер бір жыл ішінде 10,6% өсіммен 1,5 трлн теңгеге көрсетілді.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 2020 жылғы қаңтар-қарашада 63,3 млрд теңгеге жетті — бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,7 есе көп (ФКИ — 163,3%).

Өңірлер бөлінісінде күрделі салымдардың ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: ҚР-дан 41,4% немесе 26,2 млрд теңге, жылдық өсім 2,8 есеге өскен. Сондай-ақ ТОП-3 өңірдің қатарына Нұр-Сұлтан (7 млрд тг, оған қоса жылына 61,7%) және Алматы (6,9 млрд тг, 2019 жылмен салыстырғанда 11,1 есе көп) кірді.

Қаржыландыру көздері тұрғысынан күрделі салымдардың 70,5%-ы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды: 44,7 млрд теңге, жылына 2 есе өсті. Инвестициялардың төрттен бір бөлігі республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілді: 16,3 млрд теңге, оған қоса 32,5%. Қалған 3,7% бизнестің қаражатына тиесілі: барлығы 2,3 млрд тг, минус 21,3%.

«ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев онлайн-конференция барысында Қарулы Күштерді жаңа қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау процесі туралы айтты», - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми ресурсы.

Министр 2020 жылы 370-тен астам бірлік сатып алынғанын және 200-ден астам әскери техника күрделі жөндеуден өткенін айтты. Министрлікте қазір пайдаланылмайтын әскери мүліктен арылу жұмыстары қолға алынды.

Сонымен қатар әскери техниканы жаңарту және оқ-дәрілерді жинақтау үшін Қорғаныс министрлігі елде қару-жарақтың кейбір жаңа түрлерін, соның ішінде оқ-дәрілерді өндіруді бастады.


Соңғы жаңалықтар