Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында құзыреттер қайта бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының қабылдау мақсаты – ол мемлекеттік басқару деңгейлері арасында құзыреттерді одан әрі қайта бөліп, оның әзірлеуі алдыңғы әкімшілік реформалардың жалғасы болады. Жоба, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, стратегиялық құжаттарда және сарапшылардың ұсынымдарында айқындалған басымдықтарды ескере отырып дайындалды.

«Оны әзірлеу кезінде орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік функцияларды талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Заң жобасында 46 заңнамалық актіге, оның ішінде 2 кодекс пен 44 заңға түзетулер көзделіп отыр. Заң жобасы шеңберінде 68 функция қайта бөлінеді, оның ішінде Үкіметтен министрліктерге 63 функция беріледі, жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Сонымен қатар, 4 мемлекеттік органға (ЭГТРМ, ІІМ, ЦДИАӨМ, Қорғанысмині) қосымша өкілеттіктер беріледі», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Оның айтиуынша, жалпы, заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда кезекті қадам болады және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

«Заң жобасы басқару деңгейлері арасындағы нақты құзыреттерін ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деді министр.

Өз кезегінде Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі, депутат Ләззәт Рысбекова заң жобасымен Қазақстан Республикасының 46 заңнамалық актіге, соның ішінде Бюджеттік және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделгенін айтты.

Бұдан бөлек, заң жобасымен Жергілікті атқарушы органдардың деңгейіне Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын беру қарастырылған.

«Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейібір мәселелерде өкілеттіктерін күшейту мақсатында бірқатар қосымша фунциялар беріледі», - деді Л. Рысбекова.


Соңғы жаңалықтар