Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге сын неге көп айтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін тұрғын үй сапасына сын неге көп айтылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коммерциялық тұрғын үй мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша бой көтерген тұрғын үй сапасы әр түрлі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған баспананың сапасы неге нашар? Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға конкурс өткізілді. Оның қаражаты 2020 жылы бюджетке енгізіліп қойылған. Ал смета тіпті 2019 жылы жасалған. Үш жыл ішінде материалдардың құны да, жұмыстың құны да қымбаттады», - деді Талғат Ерғалиев құрылысшылар одағы отырысының алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, материалдардың құны жыл сайын 10%-15% өсіп отырады.

«Құрылыс компаниясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға кіріскен кезде бюджетке енгізілген бағалар баяғыда өзгеріп кетеді. Соны білсе де, байқауға қатысушылар ғажайыпқа үміттеніп, тәуекелмен құжат өкізуге мәжбүр», - деп түсіндірді Талғат Ерғалиев.

Жоспарлы құрылыстың салдарынан осылайша жұмыстың сапасы ақсайтын көрінеді.

«Бірақ құрылысшы күткен үміт болмайтыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ол үш жыл бұрынғы есеп бойынша бөлінген ақшаға біліктілігі төмен адамдарды жалдап, арзан материалдарды салып амалдайды. Жаңа ғана берілген үйлердің плиталары қирап, сылақтары түсіп жататыны сондықтан», - деп түйіндеді Қазақстан құрылысшылары одағының басшысы.


Соңғы жаңалықтар