+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Мемлекеттік айыптаушы Болат Бақауовты 3,5 жылға соттауды сұрады

2020 жылғы 27 мамыр 11:51
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік айыптаушы Болат Бақауовты 3,5 жылға соттауды сұрады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында Болат Бақауовқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа қатысты үкім күшін жойды

Мемлекеттік айыптаушы Елена Белова Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Басты сот процесі бүгін сағат 11.30-да Павлодар қаласында, № 2 қылмыстық сотта басталды.

Болат Бақауовтың қорғаушысы Ашурбек Ашурбеков бұрынғы өңір басшысы тергеумен келісіп, кінәсін мойындағанын және келтірілген шығынның орнын толтырғанын мәлімдеді. Болат Бақауов бес баланы, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр. Сотталушының қорғаушысы Бақауовтың мүлігіне салынған тыйымды алып тастауды өтінді.

Процесс мобильді бейнеконференция арқылы өтіп жатыр, сотталушы Бақауов, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы және БАҚ өкілдері онлайн қосылды. Сотталушы мен оның қорғаушысы, прокурор олардың бейнелерін БАҚ беттерінде қолдануға қарсылық білдірмеді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 16 қаңтарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған еді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде тергеу мүддесіне орай толық деректер жариялануға жатпайды», - делінген ҰҚК ақпаратында.

Болат Бақауов 18 ақпаннан бері үйқамақта отыр.

Сәуірде оны үйқамақта ұстау мерзімі мамыр айына дейін созылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT